ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ АПТАЛЫҒЫ
Лицейде «Тарих және география» апталығы аясында 9 «А» сыныбында Ерескенова Э география пәнінен «Табиғи хоронимдердің ерекше қорғауға алынған аумақтар мағынасы» тақырыбында ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді. Сабақтың мақсаты мен міндеттері нақты айқындалып, оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде жүйелі түрде жүзеге асырылды. Сабақ барысында оқушылар табиғи хоронимдер, қорық, ұлттық парк, қорықша ұғымдарының мәнін ашып, олардың атауларының шығу тегі мен табиғатты қорғаудағы маңызын