10
наурыз
2026
ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ ДИКТАНТ

Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде білім алушылардың денсаулығын сақтау, санитарлық-гигиеналық мәдениетін қалыптастыру және жұқпалы аурулардың алдын алу мақсатында 5–11 сынып оқушылары арасында «Құтыру ауруының алдын алу» және «Дерматомикоздың алдын алу» тақырыптарында профилактикалық диктант ұйымдастырылып өткізілді.
Іс-шара барысында оқушыларға құтыру ауруы мен дерматомикоздың адам денсаулығына тигізетін зияны, олардың пайда болу себептері және жұғу жолдары туралы маңызды мәліметтер түсіндірілді. Сонымен қатар оқушылар жануарлармен қарым-қатынас жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері, жеке бас гигиенасын сақтау, аурудың алғашқы белгілерін дер кезінде байқау және алдын алу шаралары туралы ақпараттармен танысты.
Профилактикалық диктант арқылы білім алушылар тек жазба жұмысын орындап қана қоймай, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, қоршаған ортадағы қауіп-қатерлерден сақтану және салауатты өмір салтын ұстанудың маңыздылығын түсінді. Бұл шара оқушылардың денсаулық мәдениетін арттырып, жұқпалы аурулардың алдын алу жөніндегі білімдерін нығайтуға бағытталды.
Осындай тәрбиелік әрі ақпараттық маңызы бар жұмыстар оқушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, олардың өмірге деген жауапкершілік көзқарасын қалыптастыруға және қоғамдағы санитарлық мәдениетті дамытуға өз үлесін қосады.



