ЛИЦЕЙ ПАРЛАМЕНТІ МЕН “ЖАС ҰЛАН” ҰЙЫМ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН ЖИНАЛЫС » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » ЛИЦЕЙ ПАРЛАМЕНТІ МЕН “ЖАС ҰЛАН” ҰЙЫМ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН ЖИНАЛЫС
26
қаңтар
2026

ЛИЦЕЙ ПАРЛАМЕНТІ МЕН “ЖАС ҰЛАН” ҰЙЫМ БЕЛСЕНДІЛЕРІМЕН ЖИНАЛЫС

Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейінде 2026 жылғы 23 қаңтар күні  лицей парламенті мен «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының белсенді мүшелері қатысқан маңызды жиналыс ұйымдастырылды.
Жиналысты аға тәлімгер Э. Ж. Султанбаева жүргізіп, ұйымдастырушы-педагог М. Б. Үсенмен бірлесе отырып, алдағы уақытқа жоспарланған тәрбиелік бағыттағы іс-шаралар кеңінен талқыланды.
Кездесу барысында оқушылардың көшбасшылық қабілеттерін дамыту,лицей  өміріне белсенді қатысу, еріктілік мәдениетін қалыптастыру, сондай-ақ лицейдің ішкі тәртіп ережелерінің орындалуын қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылды.
Белсенді оқушылар өз ұсыныстарын білдіріп, түрлі жобалар мен бастамаларды іске асыру жөнінде ой бөлісті. Ұжымдық жұмыс, жауапкершілік, тәртіп пен өзара сыйластық құндылықтары дәріптеліп, оқушыларға үлгі боларлық нақты бағыт-бағдар берілді.
Осындай кездесулер жастардың азаматтық ұстанымын қалыптастырып, лицей қауымдастығында жағымды орта құруға үлкен үлес қосады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив