ZOOM ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ІС-ШАРАСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » ZOOM ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ІС-ШАРАСЫ
26
қаңтар
2026

ZOOM ПЛАТФОРМАСЫ АРҚЫЛЫ ЗАҢ ЖӘНЕ ТӘРТІП ІС-ШАРАСЫ

Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейімізде 7-сынып оқушылары үшін Zoom платформасы арқылы ашық форматта ұйымдастырылған тәрбиелік іс-шара өтті. Іс-шара барысында оқушылар құқық бұзушылық жасаған жасөспірімге қатысты сот процесін тікелей эфир арқылы тамашалап, заң алдындағы жауапкершіліктің маңызын терең түсінуге мүмкіндік алды.
Көрсетілімнің басты мақсаты – жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу, оқушылардың құқықтық мәдениетін арттыру, заң талаптарын құрметтеуге тәрбиелеу болды. Онлайн форматтағы сот отырысы арқылы оқушылар құқық нормаларының қалай қолданылатынын, әрбір әрекеттің салдары болатынын нақты мысал арқылы көрді.
Осындай тәрбиелік бағыттағы шаралар жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуына, құқық бұзушылыққа жол бермеу мәдениетін дамытуға ықпал етеді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив