ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ АПТАЛЫҒЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ АПТАЛЫҒЫ
26
қаңтар
2026

ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ АПТАЛЫҒЫ

Лицейде «Тарих және география» апталығы аясында  9 «А» сыныбында Ерескенова Э география пәнінен «Табиғи хоронимдердің ерекше қорғауға алынған аумақтар мағынасы» тақырыбында ашық сабақ жоғары әдістемелік деңгейде өткізілді. Сабақтың мақсаты мен міндеттері нақты айқындалып, оқу үдерісінің барлық кезеңдерінде жүйелі түрде жүзеге асырылды.
Сабақ барысында оқушылар табиғи хоронимдер, қорық, ұлттық парк, қорықша ұғымдарының мәнін ашып, олардың атауларының шығу тегі мен табиғатты қорғаудағы маңызын талдады. Оқушылардың сыни ойлау қабілеттерін дамытуға бағытталған тапсырмалар арқылы Қазақстандағы ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы білімдері кеңейтілді.
Қолданылған әдіс-тәсілдер оқушылардың сабаққа белсенді қатысуына ықпал етіп, танымдық қызығушылығын арттырды. Сабақтың құрылымы логикалық тұрғыда дұрыс сақталып, оқу бағдарламасының талаптарына толық сәйкес келді. Ашық сабақ мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі мен әдістемелік шеберлігінің жоғары деңгейде екенін көрсетті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив