“КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ” ЖОБАСЫ
Ө.А. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Біртұтас тәрбие бағдарламасы» аясында, «Кітап оқитын ұлт» жобасы бойынша 8-сынып оқушылары өздері оқыған көркем шығармалар бойынша пікір алмасып, танымдық-талқылау өткізді. Талқылау барысында қазақ әдебиетінің көрнекті туындылары – Роза Мұқанованың «Мәңгілік бала бейне», Әзілхан Нұршайықовтың «Ақиқат пен аңыз», Ілияс Есенберлиннің «Көшпенділер» трилогиясындағы «Алмас қылыш» романы және Тахауи Ахтановтың «Қаһарлы күндер» шығармалары кеңінен талқыланды.