ДУБЛЕР КҮНІ – ЖАС КӨШБАСШЫЛАР МЕРЕКЕСІ !
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде өткен Дублер күні ерекше серпін мен шабыт сыйлады. Бұл күні тек Парламент мүшелері ғана емес, әр сыныптың үздік белсенді оқушылары да өз мүмкіндіктерін сынап, мектеп өміріне жаңаша тыныс әкелді. Оқушылар ұстаздар орнын басып, сабақ жүргізді, түрлі ұйымдастырушылық жұмыстарға араласты. Әр сыныптың озат, жауапты жастары өзін-өзі басқарудың маңызын іс жүзінде сезінді. Бұл күн балалардың