Материалы за 20.10.2025 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
20
қазан
2025
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Лицейімізде – «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясындағы тағылымды күн! Шымкент  қаласы білім басқармасына қарасты  Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде Ұлттық мереке – 25 қазан Республика күніне арналған тағылымы терең  сынып сағаттары өткізілді. Бұл күн – еліміздің тәуелсіздігі мен тұтастығын, халық бірлігін дәріптейтін айрықша мереке.  9-11-сынып оқушылары «Еңбегі адал жас өрен» жобасы аясында «Тарихы сырлы, ертеңі нұрлы ғажап ел!» атты мазмұнды сынып сағатын өткізіп, туған елге деген
ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖИ-ҚҰРАЛДАР
20
қазан
2025
ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖИ-ҚҰРАЛДАР
Құттықтаймыз  Өткен аптаның ЖИ-құралдарын қолдану бойынша мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамытуда шығармашылық деңгейін арттырғаны үшін тарих пәні мұғалім Жарылқасын Дана марапатталады.
РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЖЕҢІС КҮНІ!
20
қазан
2025
РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЖЕҢІС КҮНІ!
Биылғы Республика күні аясында  Шымкент  қаласы білім басқармасына қарасты  Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейіміздің мақтанышы, 7 «Ж» сынып оқушысы Ермекова Сара зор жетістікке жетіп, ел абыройын асқақтатты! Сара құрамында болған Шымкент қаласының көркем гимнастика бойынша топтық командасы 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында ерекше өнер көрсетіп, ІІІ орын иеленіп, қола жүлдегер атанды! Бұл жеңіс – тек спорттық жетістік емес, жас ұрпақтың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігінің,
“ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ “ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ
20
қазан
2025
“ ҚАЗАҚ ТІЛІ ЖӘНЕ ӘДЕБИЕТ “ АПТАЛЫҒЫНЫҢ ЖАБЫЛУЫ
Бүгін лицейімізде “Ұлттың ұлы қазынасы – тілі мен әдебиеті” атты қазақ тілі мен әдебиеті апталығының қорытынды кеші өтті. Апталық барысында оқушылар өздерінің тілге, әдебиетке деген құрметін, шығармашылық қабілеттерін, ұлттық құндылықтарға деген сүйіспеншілігін көрсетті. Іс-шара барысында түрлі байқаулардың жеңімпаздары марапатталып, өнерлі оқушылар тамаша көріністер мен өлең-жырлар орындады. Апталықты жоғары деңгейде ұйымдастырған қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдеріне алғыс білдіреміз.
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ
20
қазан
2025
ЖАСӨСПІРІМДЕР АРАСЫНДА ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН-АЛУ ТУРАЛЫ КЕЗДЕСУ
Лицейде құқықтық сағаттар мен кездесу ұйымдастырылды. Шымкент  қаласы білім  басқармасына  қарасты  лицейімізде ДТІЖО Н. Р. Дусметова  және мектеп инспекторы Шакалак Жандаулет оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында ерекше іс-шара ұйымдастырды. Мектеп инспекторымен және кәмелетке толмағандар арасында ерте жүктіліктің алдын алу, жыныстық және тұрмыстық зорлық-зомбылық мәселелерін талқылауға мүдделі мемлекеттік органдардың мамандарымен бірлесіп құқықтық сағаттар өткізілді.