КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҒЫНДА ФОТО ӨНЕР КӨРСЕТУ
Бүгін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде көркем еңбек сабағы ерекше шығармашылық көңіл-күйде өтті. Сабақтың тақырыбы — Көркем еңбек сабағында фото өнер көрсету. Оқушылар күздің сұлулығын өз көздерімен көріп, мектеп ауласындағы алтын түске боялған ағаштар мен әсем көріністерді ерекше қызығушылықпен фотоға түсірді. Көпшілік оқушылар дәл осы мектеп ауласын таңдады, себебі ол күз мезгілінде ерекше тартымды, жылы әсер сыйлайтын орынға айналды.