КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҒЫНДА ФОТО ӨНЕР КӨРСЕТУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҒЫНДА ФОТО ӨНЕР КӨРСЕТУ
10
қазан
2025

КӨРКЕМ ЕҢБЕК САБАҒЫНДА ФОТО ӨНЕР КӨРСЕТУ


      Бүгін Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9  ІТ лицейімізде көркем еңбек сабағы ерекше шығармашылық көңіл-күйде өтті. Сабақтың тақырыбы — Көркем еңбек сабағында фото өнер көрсету. 🌾
Оқушылар күздің сұлулығын өз көздерімен көріп, мектеп ауласындағы алтын түске боялған ағаштар мен әсем көріністерді ерекше қызығушылықпен фотоға түсірді. Көпшілік оқушылар дәл осы мектеп ауласын таңдады, себебі ол күз мезгілінде ерекше тартымды, жылы әсер сыйлайтын орынға айналды. 📸
Әр оқушы өз фотосуреттерінен әдемі күзгі фото жасап, жұмысына шығармашылықпен қарады. Сабақ соңында оқушылардың еңбектерінен шағын көрме ұйымдастырылып, барлығы өз жұмыстарына мақтанышпен қарады. 🌟Ұйымдастырушы көркем еңбек пәні мұғалімі Н.Р.Дусметова.
Бұл сабақ «Адал азамат біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында эстетикалық тәрбие мен шығармашылық қабілетті дамытуға бағытталды. Оқушылар табиғаттың әсемдігін байқай білуге, туған ортасын сүйіп, қорғауға деген сезімдерін арттырды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив