«ӘКЕМЕН БІР КҮН» ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
«Әкемен бір күн» – отбасы құндылығының айнасы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде» ДТІЖО А.Р. Жарықбасовтың ұйымдастыруымен «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында «Әкемен бір күн» атты тағылымды дөңгелек үстел өтті. Іс-шараның мақсаты – отбасындағы әке тұлғасының тәрбиелік рөлін нығайту, жас ұрпақтың бойына адалдық, жауапкершілік, еңбекқорлық пен ізгілік қасиеттерін сіңіру. Кездесу барысында оқушылар мен әкелер еркін пікір алмасып,