ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ 👩‍🏫 ДУБЛЕР КҮНІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ 👩‍🏫 ДУБЛЕР КҮНІ
04
қазан
2025

ӨЗІН-ӨЗІ БАСҚАРУ 👩‍🏫 ДУБЛЕР КҮНІ

      

«Ұстазға алғыс» апталығы аясындағы ерекше күн – Дублер күні
Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде «Ұстазға алғыс» апталық жоспарына сәйкес Дублер күні ұйымдастырылды.
Бұл күннің басты мақсаты – шәкірттерімізге ұстаз еңбегінің маңызын сезіндіру, мұғалім болудың жауапкершілігі мен еңбектің ауыр да абыройлы екенін ұғындыру. Жоғары сынып оқушылары ұстаздардың рөлін сомдап, сабақ жүргізіп, сыныппен жұмыс жасап көрді.
Оқушылар өз тәжірибелері арқылы әрбір сабақты жоспарлаудың, тәртіп сақтаудың, әр баланың жүрегіне жол табудың қаншалықты маңызды екенін түсінді. Бұл орайда олар ұстаздық мамандықтың тек білім беру ғана емес, шәкіртке бағыт-бағдар көрсетіп, ізгілік пен сенім сыйлау екеніне көз жеткізді.
Ұстаздар қауымы да шәкірттерінің осындай белсенділігіне риза болып, олардың жаңа қырынан танылғанына қуанды.
✨ Дублер күні лицейіміздегі ұстаз бен шәкірт арасындағы сыйластықты нығайтып, ұстаз мамандығының қадір-қасиетін айқындай түсті.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив