ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 12–16 қаңтар 2026 жыл аралығында «Талап бар жерде, тәртіп бар» атты апта дәйек сөзі аясында барлық сыныптарда мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор сынып сағаттары мен қауіпсіздік сабақтары өткізілді. 1–4 сыныптарда «Әдептілік — тәртіптінің белгісі» тақырыбында сынып сағаты (адалдық сағаты) ұйымдастырылып, 10 минуттық қауіпсіздік сабағында «Дүкендегі, супермаркеттегі мінез-құлық қағидалары» түсіндірілді.