12
қаңтар
2026
“ЗАҢ МЕН ТӘРТІП” ДИКТАНТ
Управления образования мен Шымкент қаласының прокуратурасының 2026 жылғы 8 қаңтардағы № 2-40-26-00138 хатына сәйкес,
«Заң мен тәртіп» идеологемасын ілгерілету аясында жастар арасында құқықтық мәдениетті қалыптастыру, заңға құрмет пен азаматтық жауапкершілікті арттыру мақсатында қала аумағындағы барлық білім беру ұйымдарында жүйелі жұмыстар ұйымдастырылуда.
Осыған орай, 2026 жылғы 12 қаңтар күні Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде сынып сағаттары барысында 6–11 сынып оқушылары арасында «Заң мен тәртіп» атты диктант алу жұмыстары өткізілді.
Аталған диктанттың негізгі мақсаты – білім алушылардың заң талаптарын түсіну деңгейін арттыру, құқықтық сауаттылығын күшейту, тәртіп пен жауапкершіліктің қоғамдағы маңызын ұғындыру болды.
Диктант барысында оқушылар заңға бағыну, қоғамдық тәртіпті сақтау, адалдық пен әділдік қағидалары, құқық пен міндет ұғымдары туралы өз ойларын сауатты әрі жүйелі жеткізуге мүмкіндік алды. Бұл жұмыс жас ұрпақтың санасында «Заң мен тәртіп – тұрақты қоғамның негізі» деген құндылықты қалыптастыруға бағытталды.
Аталған іс-шара оқушылардың азаматтық ұстанымын нығайтып, құқық бұзушылықтың алдын алу, заңға құрметпен қарау мәдениетін дамытуға оң ықпал етті.
Заңды құрметтеген, тәртіпті сақтаған ұрпақ – ел болашағының кепілі.













