12
қаңтар
2026
ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 12–16 қаңтар 2026 жыл аралығында
«Талап бар жерде, тәртіп бар» атты апта дәйек сөзі аясында барлық сыныптарда мазмұнды әрі тәрбиелік маңызы зор сынып сағаттары мен қауіпсіздік сабақтары өткізілді.
«Әдептілік — тәртіптінің белгісі» тақырыбында сынып сағаты (адалдық сағаты) ұйымдастырылып,
Оқушылар қоғамдық орындарда өзін дұрыс ұстау, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, адалдық пен тәртіптің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік алды.
«Біз – сыбайлас жемқорлыққа қарсымыз!» тақырыбында тәрбие сағаты өтіп, адалдық, әділдік, заңға бағыну құндылықтары кеңінен талқыланды.
«Адал азамат – Адал еңбек – Адал табыс» тақырыбында (сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында) сынып тәрбие сағаты өткізілді.
Оқушылар адал еңбектің, таза табыстың және азаматтық жауапкершіліктің қоғам дамуына қосатын үлесін түсінді.
Тәртіп пен талап – табысты білім мен тәрбиенің негізі!








