Біз туралы » Страница 6 » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
БАСТАУЫШ КАФЕДРАСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУЫ
31
қазан
2025
БАСТАУЫШ КАФЕДРАСЫНЫҢ ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУЫ
“JEDA AI” тақтасын бастауыш сынып сабақтарында қолдану”,  “Shyraq AI” платформасын пайдалану жолдары туралы Мусабаева Мира Серкебаевна өз  іс-тәжірибесімен бөлісті.
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
28
қазан
2025
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КЕҢЕС
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9  IT лицейінде өткен педагогикалық кеңес – тәрбиенің жаңа қадамдары. Бүгін IT лицейімізде маңызды тақырыптарға арналған педагогикалық кеңес өтті. Кеңестің басты мақсаты – жаңа оқу жылындағы тәрбие жұмысының басым бағыттарын айқындап, оқушылардың тұлғалық және психологиялық дамуын қолдау жүйесін жетілдіру болды.  Күн тәртібінде:  «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы: нәтижелер мен жаңа оқу жылындағы басымдықтар
МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ЖҮЗУДЕН ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДА
28
қазан
2025
МҰҒАЛІМДЕР АРАСЫНДА ЖҮЗУДЕН ҚАЛАЛЫҚ СПАРТАКИАДА
"Мұғалімдер күні" мерекесіне  орай орта және кәсіптік білім беру саласының қызметкерлері арасында қалалық спартакиадасында ЖҮЗУден біздің әріптестеріміз Укибаев Адил- 2 орын Абдукадирова Жанар- 2 орын  алды ҚҰТТЫҚТАЙМЫЗ!!!
ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖИ-ҚҰРАЛДАР
20
қазан
2025
ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖИ-ҚҰРАЛДАР
Құттықтаймыз  Өткен аптаның ЖИ-құралдарын қолдану бойынша мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін дамытуда шығармашылық деңгейін арттырғаны үшін тарих пәні мұғалім Жарылқасын Дана марапатталады.
РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЖЕҢІС КҮНІ!
20
қазан
2025
РЕСПУБЛИКА КҮНІ – ЖЕҢІС КҮНІ!
Биылғы Республика күні аясында  Шымкент  қаласы білім басқармасына қарасты  Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейіміздің мақтанышы, 7 «Ж» сынып оқушысы Ермекова Сара зор жетістікке жетіп, ел абыройын асқақтатты! Сара құрамында болған Шымкент қаласының көркем гимнастика бойынша топтық командасы 2025 жылғы Қазақстан чемпионатында ерекше өнер көрсетіп, ІІІ орын иеленіп, қола жүлдегер атанды! Бұл жеңіс – тек спорттық жетістік емес, жас ұрпақтың еліне, туған жеріне деген сүйіспеншілігінің,
“ АЛТЫН САҚА “ ОЛИМПИАДАСЫ
15
қазан
2025
“ АЛТЫН САҚА “ ОЛИМПИАДАСЫ
Ө.Жолдасбеков атынлағы №9 IT лицейінде 5-6 сыныптарға арналған республикалық "Алтын сақа" олимпиядасының мектепішілік кезеңі 10.10.2025 жыл өткізілді. "Алтын сақа" олимпиядасына 175 бала қатысып  5 сыныптан 1.Калдаров Амир - бас жүлде 2.Коваленко Эмиль -1 орын 3. Жанибек Алихан -2 орын 4. Киргизов Арыстан -2 орын 5. Мұздыбай Марлен 3 орын иеленді. 6 сыныптар арасынан 1.Өмірбек Мұхаммад -бас жүлде 2.Нурабдин Ақтөре- 1 орын 3. Абдімүталіп Рамазан 2 орын 4. Пернебек Мухаммад -3 орын
ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖИ-ҚҰРАЛДАР
15
қазан
2025
ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖИ-ҚҰРАЛДАР
      Ө.Жолдасбеков №9 IT лицейінде әр аптаның дүйсенбі күні өткізілетін жиналыста  мұғалімдерге Жасанды интеллектті сабақта қолдануды үйретіп, және мұғалімдер қалай өз практикасында қолданып жатқанын қарап, талқылаймыз. Педагогтердің цифрлық көмекшілері — жасанды интеллект негізінде құрылған, олардың жұмысын жеңілдетіп, білім беру үдерісінің тиімділігін арттыруға арналған құралдар.  https://www.facebook.com/share/v/1ay5gyCC17/
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА
15
қазан
2025
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПРЕЗИДЕНТТІК ОЛИМПИАДА
             Шымкент қаласы білім барқармасы Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен XVIII Президенттік олимпиаданың өңірлік кезеңі өтілді.Ө.А.Жолдасбеков атындағы 9 ІТ лицейінің а 11"А"  сынып оқушысы Абу - Шарип Әділхан қатысып, жүлделі 1 орынға ие болды.Озық ойлы оқушымызға сәттілік тілейміз! Сынып жетекшісі: Г.У.Анартаева және пән мұғалімдеріне алғыс айтамыз!
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА
15
қазан
2025
РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА
       Шымкент қаласы білім барқармасының Әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Ө.А.Жолдасбеков атындағы 9 ІТ лицейінде 5-6 сынып оқушыларына арналған республикалық олимпиаданың мектепішілік кезеңі өтті. Математика,жаратылыстану,қазақ тілі мен әдебиеті,орыс тілі мен әдебиеті,Қазақстан тарихы,ағылшын тілі пәндерінен -175 оқушы қатысты.Олимпиада жүлдегерлеріне аудандық кезеңге сәттілік тілейміз!
“ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ” АПТАЛЫҒЫ
15
қазан
2025
“ТАРИХ ЖӘНЕ ГЕОГРАФИЯ” АПТАЛЫҒЫ
"Тарих және география" апталығында «Ғылыми жобаларға әдістемелік ұсыныстар» тақырыбындағы коучингті Кадирова Зульфия Аслановна ұстаздармен өткізді. Коучинг өте мазмұнды әрі тәжірибеге бағытталған деңгейде өтті. Мұғалімдер ғылыми жобаның құрылымы, тақырып таңдаудағы дәлдік, зерттеу әдістерін қолдану және оқушыларды ғылыми ізденіске ынталандыру жолдарын меңгерді. Практикалық ұсыныстар мен нақты мысалдар арқылы қатысушылар өз тәжірибелеріне жаңаша көзқараспен қарауға мүмкіндік алды.