ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
қараша
2025

ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ

Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейімізде 2025–2026 оқу жылына арналған Қамқоршылық кеңестің кезекті жиналысы өтті. Жиналыс барысында жаңа оқу жылына бекітілген Қамқоршылық кеңестің жаңа мүшелері таныстырылды, олардың мектептің даму бағытына қосатын үлесі мен міндеттері атап өтілді. Кеңестің жаңартылған құрамы ата-аналармен мектеп арасындағы байланыс пен ашықтықты күшейтуге, сондай-ақ оқушылардың қауіпсіздігі, білім сапасы және әлеуметтік қолдау мәселелерін жүйелі түрде қарастыруға бағытталған.
   Отырыста лицей әкімшілігі 2025–2026 оқу жылының I тоқсаны бойынша атқарылған жұмыстар жөнінде есеп берді. Есепте оқу үлгерімі, тәрбие жұмыстарының нәтижелері, қауіпсіздік шаралары, әлеуметтік қолдау бағытындағы жұмыстар және оқушылардың мектеп өміріне қатысу белсенділігі туралы мәліметтер қамтылды. Кеңес мүшелері ұсынылған есепті талқылап, алда жүзеге асырылатын жұмыстар мен ұсыныстарды ортаға салды.
Жиынның негізгі құндылығы – мектеп, ата-ана және қоғам арасындағы серіктестік ынтымақтастықты нығайту. Қамқоршылық кеңесінің жұмысы лицейдің дамуына, оқушылардың сапалы білім алуына, қауіпсіз әрі қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған маңызды қадам болып табылады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив