06
наурыз
2026
ОЙЫНҒА САЛАУАТТЫ КӨЗҚАРАС” ЛУДОМАНИЯНЫҢ АЛДЫН -АЛУ ІС-ШАРАСЫ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде оқушылар арасында «Ойынға салауатты көзқарас» тақырыбында лудоманияның алдын-алу бойынша түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Бұл заманда интернеттің дамуына байланысты түрлі онлайн ойындар мен құмар ойындарға қолжетімділік артып отыр. Соның салдарынан жасөспірімдер арасында ойынға тәуелділік қаупі де күшейе түсуде. Осыған орай оқушыларға лудоманияның зияны, оның психологиялық және әлеуметтік салдары, сондай-ақ алдын
-алу жолдары туралы кеңінен түсіндірілді.
Іс-шара барысында уақытты тиімді пайдалану, бос уақытты пайдалы бағытқа бұру, саналы шешім қабылдау және жеке жауапкершіліктің маңыздылығы айтылды.
Іс-шараның мақсаты – жасөспірімдер арасында ойынға деген дұрыс әрі жауапты көзқарас қалыптастыру және зиянды әдеттердің алдын-алу.
