АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
15
қараша
2025

АТА-АНАЛАР ЖИНАЛЫСЫ

Біздің лицейімізде де 14.11.2025 жылы  ІІ ауысым  сынып жетекшілері ата-аналармен кездесті. Жиналыста оқу жылының негізгі бағыттары, тәрбие жұмысы таныстырылып, «Адал азамат» бағдарламасы аясында мектеп пен отбасының бірлескен іс-шаралары талқыланды. Ата-аналарға оқушы формасы, мектеп ішкі тәртібі, қауіпсіздік ережелері туралы түсіндірме берілді.Сондай-ақ
🔹 Лицейдің ішкі тәртібі мен оқушылардың мектеп формасына қойылатын талаптар;
🔹 Оқу жылы бойы өтетін тәрбиелік және білім беру іс-шаралары;
🔹 Оқушылардың қауіпсіздігі, буллингтің алдын алу, мектеп аумағындағы тәртіп ережелері;
🔹 Ата-аналардың мектеп өміріне белсенді қатысуының маңызы.
Бұл кездесулер лицей мен ата-аналар арасындағы ашық диалог алаңы болып, өзекті сұрақтарға жауап беруге, ұсыныс-пікірлерді тыңдауға мүмкіндік берді.
✨ Мұндай кездесулердің құндылығы – бала тәрбиесінде мектеп пен ата-ананың бір мақсатта, бір бағытта әрекет етуі. Бұл өз кезегінде жас ұрпақтың білімді, тәрбиелі, жауапкершілікті азамат болып қалыптасуына ықпал етеді.
🤝 Біз ата-аналарға белсенді қатысып, лицейімізбен серіктестік байланыс орнатқаны үшін алғыс айтамыз!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив