ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЛИЦЕЙ ФОРМАСЫН САҚТАУЫН БАҚЫЛАУ МАҚСАТЫНДА
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейімізде оқушылардың сыртқы келбеті мен ішкі мәдениетін қалыптастыру, лицей ережелерін сақтауға баулу мақсатында ауқымды тәрбие-профилактикалық рейд ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты – оқушылардың лицей формасын талапқа сай киюін қадағалау, жеке гигиена мен жинақылыққа тәрбиелеу, тырнақтарының тәртіпке сай болуын ескерту арқылы эстетикалық мәдениетін арттыру, жауапкершілік пен тәртіпке баулу болды. Аталған