17
ақпан
2026
«STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ» АҚПАРАТТЫҚ НАУҚАНЫ АЯСЫНДА СЫНЫП САҒАТЫ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9ІТ лицейімізде оқушылар арасында жеке шекараларды құрметтеу мәдениетін қалыптастыру, сталкинг, психологиялық қысым және жеке өмірге қол сұғу сияқты қауіп-қатерлердің алдын алу мақсатында «STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ» ақпараттық науқаны аясында мазмұнды әрі тағылымды сынып сағаты ұйымдастырылды.
тақырыбы: «Құрмет, сенім және жауапкершілік – үйлесімді қарым-қатынастың кепілі» болды.
Іс-шараның басты мақсаты – білім алушыларға адамгершілік қарым-қатынас мәдениетін түсіндіру, «келісім» ұғымының мәнін ашу, жеке шекараның маңызын ұғындыру және құқықтық сауаттылықты арттыру.
Квест барысында оқушылар бірнеше кезеңнен өтіп, түрлі жағдаяттық тапсырмаларды орындады:
Оқушылар пікір алмасып, өз көзқарастарын дәлелдеп, құрмет пен сенімге негізделген қарым-қатынастың маңызын түсінді. Әсіресе цифрлық ортадағы (әлеуметтік желілер, мессенджерлер) жеке шекараны сақтау, кибербуллинг пен онлайн-қудалаудың алдын алу мәселелері кеңінен талқыланды.
Сынып сағаттарында:
Сынып сағаты оқушылардың белсенді қатысуымен, ашық диалог форматында өтті. Мұндай тәрбиелік бағыттағы жұмыстар жасөспірімдердің құқықтық мәдениетін арттырып қана қоймай, өзара сыйластық пен сенімге негізделген орта қалыптастыруға ықпал етеді.
«STOPSTALKING – ЖЕКЕ ШЕКАРАҒА ҚҰРМЕТ» науқаны – қауіпсіз әрі құрметке негізделген білім беру ортасын қалыптастыру жолындағы маңызды қадам.
Біз – зорлық-зомбылыққа нөлдік төзімділік ұстанымын қолдаймыз!
Құрмет пен жауапкершілік – әр қарым-қатынастың алтын қағидасы.


