17
ақпан
2026
ЕҢ ҮЗДІК РӘМІЗДІК ТОП БАЙҚАУЫ
Оқушылар сарайында өткен «Ең үздік рәміздік топ» қалалық байқауында жүлделі III орынды иеленген Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің рәміздік тобы лицей қабырғасында салтанатты түрде марапатталды.
Білім ордасының басшысы Г.С. Абилдаева жеңімпаз оқушыларды арнайы құттықтап, олардың табандылығы мен жоғары дайындық деңгейін атап өтті. Мектеп басшысы өз сөзінде бұл жетістік – тек рәміздік топ мүшелерінің ғана емес, тұтас лицей ұжымының жүйелі еңбегінің нәтижесі екенін ерекше жеткізді.
Салтанатты жиын барысында Оқушылар сарайының дипломдары табысталып, оқушыларға,жетекшілерге алғыс білдірілді. Жас ұландар саптық шеберлік, ұйымшылдық пен патриоттық рухтың жарқын үлгісін көрсете отырып, лицей намысын абыроймен қорғады.
Осындай жетістіктер – білім алушылардың бойындағы жауапкершілік, тәртіп және Отанға деген сүйіспеншіліктің айқын дәлелі.
Жеңістеріңіз құтты болсын! Лицейіміздің абыройы асқақтай берсін!






