29
қараша
2025
АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
Ө.Жолдасбеков атындағы № 9 IT лицейде 28.11.2025жылы
«Адал азамат – біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында
Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығының жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна және Абенова Жазира Абдимомынқызының ұйымдастыруымен
мектепте тәрбиелік мақсаттағы Әкелер кездесуі өткізілді. Ата-аналарды педагогикалық қолдау орталығымен бірлескен
«Әкелер кездесуі» барысында оқушылардың тәрбие, әке рөлі,
ұл баланың болашақ азамат ретінде қалыптасуы ,ер балалардың репродуктивті денсаулық туралы сауаттылығын арттыру, өз шекарасын тану, қорғануды үйрену және жыныстық қауіпсіздіктері туралы сөздер қозғалды.
Кездесу ата-аналар мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға
және әкенің тәрбиедегі орнын айқындауға бағытталды.Мектебіміздің ДТІЖО Асилова Алима Туймехановна келген қонақтарды таныстырып , сөз кезегін Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру Департаментінің Басқарма басшысы,ЭТҚ полковнигі Тұрғынбай Дәурен Бөрібайұлы ол өз сөзінде:
. Ер балалардың репродуктивті денсаулығын сақтау мәдениеті туралы түсіндірді.
• Жеке шекара ұғымы, оны бұзбау және өз шекарасын қорғай алу дағдылары айтылды.
• Жыныстық жолмен берілетін аурулардың алдын алу, қауіпсіз мінез-құлық туралы мәлімет берілді.
• Өзін-өзі бағалау, құрдастар қысымы және жауапты шешім қабылдау мәселелері көтерілді.
Екінші сөз алған Департаментінің аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі Жақсыбай Жарылқасын ол өз сөзінде :
• Интернеттегі қауіптер: кибербуллинг, фишинг, жалған аккаунттар, жеке деректердің таралуы туралы түсіндірілді.
• Әлеуметтік желілерде қауіпсіздік орнату, құпиясөздерді дұрыс қолдану, екі факторлы аутентификацияның маңызы айтылды.
• Бөтен адамдармен хат алмасу кезіндегі сақтық шаралары, онлайн алаяқтықтан қорғану жолдары түсіндірілді.
• Жеке ақпаратты жариялаудың салдары, цифрлық із қалдыру туралы мағлұмат берілді. Іс-шара ата-ана мен мектеп арасындағы ынтымақтастықты нығайтып, оқушылардың тұлғалық дамуына оң ықпал ететін орта қалыптастыруға мүмкіндік берді. Қатысқан әкелер белсенділік танытып, өз тәжірибелерімен бөлісті.
Жалпы, кездесу жоғары деңгейде өтіп, тәрбиелік мәні зор алаң ретінде өз нәтижесін көрсетті.








