22
қаңтар
2025
"ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК"





ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК
Шымкент қаласы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Қаржылық мониторинг Агенттігінің құрылуына 4 жыл толуына орай Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы N9 IT лицейінде 22.01.2025ж. "ҚАРЖЫЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІК" тақырыбында 8-11 сынып оқушыларымен кездесу өтті. Іс -шараға Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің Штаб басқармасының басшысы полковник Тұрғынбай Дәурен Бөрібайұлы, Шымкент қаласы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің штаб басқармасының аса маңызды істер жөніндегі жедел уәкілі подполковник Исмаилов Камилхан Бахтиярұлы қатысты. Қызметкерлер оқушылармен "Қаржылық сауаттылығы" тақырыбында ашық сабақ өткізді. Білім алушылардың сұрақтарына жауап берді.