АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
15
қараша
2025

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ


14.11.2025 жылы Ө.А.Жолдасбеков атындағы N9 IT лицейде өтілген кезекті ата аналар жиналысында оқушылардың білім сапасы, тәрбие деңгейі, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығының жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна, Абенова Жазира Абдимомынқызы 5Б класс жетекшісі  Керім Назгүл Ғалымжанқызымен біріге отырып ата-наларымен тәрбие туралы әңгіме , сауалнама қорытындысы және ситуациялық әрекеттерді шешу жолдары бойынша сұрақ жауаптар алынды.”Жүрек эмоциясы” яғни баланың  ішкі күйін, эмоциясын, мінезін, өзін-өзі қабылдауын бейнелеу тәсілі бойынша жаттығу нәтижесімен бөлісті. Сонымен қатар “Психологиялық губка” ойыны ата- аналарды сергітіп, эмоцияларын білдіруге және ішкі күйін түсінуге көмектесті. Ата-ана баласының  “Менің арманым”, “Болашақ баспалдағы”, “Уақытты бағалау” атты жұмыстарын оқып қуанышқа бөленді. Тәрбие бағытында оқушылардың мектеп ережесін сақтауы, сыныптағы тәртіп мәдениеті, қарым-қатынас әдебі және ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы маңызды ойлар ортаға салынды. Бала психологиясы, өзара түсіністік, отбасындағы жылы қарым-қатынастың маңыздылығы  бойынша қызықты “Саған сенемін”ойыны жүргізілді.‎ ‎Родителям кеңес берілді.
 1. Күнде 15 минут балаға көңіл бөліңіз.
 2. Еңбегі үшін мақтаңыз.
 3. Үй ережесін тұрақты ұстаныңыз.
 4. Алдымен тыңдаңыз, кейін кеңес беріңіз.
 5. Өз үлгіңізбен тәрбиелеңіз.
 6. Сабаққа қолдау көрсетіңіз, бірақ орнына орындамаңыз.
 7. Телефон уақытын шектеңіз.
 8. Үйде жылы, сенімді атмосфера жасаңыз.
 9. Ұйқы мен тамақтануды қадағалаңыз.
 10. Мектеппен байланыста болыңыз. Жиналыс қорытындысы бойынша ‎ата-аналар  күнделікті балаға уақыт бөлу, еңбегін бағалау, тұрақты тәртіп қалыптастыру және гаджет уақытын шектеу сияқты тәсілдердің бала мінезі мен оқу жетістігіне оң әсер ететінін айтты. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив