АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ
14
қараша
2025

АТА-АНАЛАРДЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ ОРТАЛЫҒЫ


13.11.2025 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы N9 IT лицейде өтілген кезекті ата аналар жиналысында оқушылардың білім сапасы, тәрбие деңгейі, мектеп пен ата-ана арасындағы ынтымақтастықты нығайту мәселелері талқыланды.Ата - аналарды педагогикалық қолдау орталығының жетекшілері Мошкалова Лаззат Демесбековна, Абенова Жазира Абдимомынқызы 9 А класс жетекшісі Балатаева Жанар Жаппарқызының  және 8Ә сынып жетекшісі Ерескенова Эльмира Оразгельдиевна ата-наларымен тәрбие туралы әңгіме , сауалнама қорытындысы және ситуациялық әрекеттерді шешу жолдары бойынша сұрақ жауаптар алынды.”Қолымнан туған Мен” арт-терапия элементі, яғни адамның ішкі күйін, эмоциясын, мінезін, өзін-өзі қабылдауын бейнелеу тәсілі бойынша жаттығу жүргізілді.Сонымен қатар “Психологиялық губка” ойыны ата- аналарды сергітіп, эмоцияларын білдіруге және ішкі күйін түсінуге көмектесті. Ата-ана баласының хатын оқығанда жүрегі елжіреп , көзіне жас келіп, өз еңбегінің бағаланғанын сезініп, мақтаныш пен мейірімге толғаны сезілді.Тәрбие бағытында оқушылардың мектеп ережесін сақтауы, сыныптағы тәртіп мәдениеті, қарым-қатынас әдебі және ата-ананың бала тәрбиесіндегі рөлі туралы маңызды ойлар ортаға салынды. Бала психологиясы, өзара түсіністік, отбасындағы жылы қарым-қатынастың маңыздылығы атап өтілді.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив