06
наурыз
2026
” АБАЙЛАҢЫЗ, БАЛАЛАР !” ЖОЛДА ЖҮРУ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде «Абайлаңыз, балалар!» атты ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді.
Іс-шараны Шымкент ҚПД Әл-Фараби АПБ ҚҚБ ЮПБ полиция капитаны Ж.Қ.Шахалақ өткізді. Школьникам жолда жүру мәдениеті, жаяу жүргінші жолағынан өту қауіпсіздігі туралы , туралы жан-жақты мәлімет берді.
Оқушылар тек теориялық ақпаратпен шектелмей, нақты практикалық мысалдар арқылы қауіпсіздік ережелерін тәжірибеде қалай қолдануға болатынын үйренді. Балаларға көшелерде жүру және қоғамдық көлікте өзін-өзі қауіпсіз ұстау тәртібі туралы кеңестер берді.
Бұл іс-шараның негізгі құндылығы – оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілік сезімін арттыру және олардың жеке қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауға үйрету. Осындай бірлескен жұмыстар ата-аналар мен лицей әкімшілігі үшін де маңызды, себебі балалардың аман-есендігі – баршамыздың ортақ қамқорлығы.


