«АБАЙЛАҢЫЗ,БАЛАЛАР !» – ҚЫС МЕЗГІЛІНІҢ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » «АБАЙЛАҢЫЗ,БАЛАЛАР !» – ҚЫС МЕЗГІЛІНІҢ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ
10
қаңтар
2026

«АБАЙЛАҢЫЗ,БАЛАЛАР !» – ҚЫС МЕЗГІЛІНІҢ ҚАУІПСІЗДІК ЕРЕЖЕЛЕРІ

Шымкент қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ лицейімізде жергілікті жол полиция департаментінің өкілдерімен бірлесіп, «Абайлаңыз, балалар!» атты ақпараттық-түсіндіру іс-шарасы өткізілді. Қысқы кезеңде балалар үшін қауіптің жоғары болатынын ескере отырып, іс-шараның басты мақсаты – оқушыларға мұзда сырғанау, жолдан өту, қар мен мұздан сақтану ережелерін нақты түсіндіру болды.
     Іс-шараны лицейдің тәрбие ісі жөніндегі әдіскері ДТЖЖО Н.Р.Дусметова мен аға тәлімгер Э.Ж.Султанбаева сондай-ақ лицей инспекторы Ж.Қ.Шахалақ жүргізді. Олар оқушыларға қысқы кезеңде жолда жүру мәдениеті, қауіпсіздік сигналдары, жеке жауапкершілік пен сақтық шаралары туралы жан-жақты мәлімет берді.
Оқушылар тек теориялық ақпаратпен шектелмей, нақты практикалық мысалдар арқылы қауіпсіздік ережелерін тәжірибеде қалай қолдануға болатынын үйренді. Сонымен қатар, полиция өкілдері балаларға мұзда сырғанау, қарлы көшелерде жүру және қоғамдық көлікте өзін-өзі қауіпсіз ұстау тәртібі туралы кеңестер берді.
Бұл іс-шараның негізгі құндылығы – оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілік сезімін арттыру және олардың жеке қауіпсіздігіне немқұрайлы қарамауға үйрету. Осындай бірлескен жұмыстар ата-аналар мен лицей әкімшілігі үшін де маңызды, себебі балалардың аман-есендігі – баршамыздың ортақ қамқорлығы.
    Лицей әкімшілігі мен тәрбие қызметі бұл бағыттағы жұмыстарды тұрақты түрде жалғастырып, әр оқушының қауіпсіздігіне жағдай жасауға бар күш-жігерін жұмсайды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив