26
ақпан
2026
ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН-АЛУ ТУРАЛЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ
25.02.2026 жылы Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде «Адал азамат» біртұтас тәрбие жоспарына сай 9–10 сынып жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын алу және репродуктивті денсаулықты сақтау бағытында кең көлемді профилактикалық кездесу өткізілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жасөспірім қыздардың денсаулық мәдениетін қалыптастыру, жауапкершілік сезімін арттыру және саналы өмірлік ұстаным қалыптастыруға ықпал ету болды.
Кездесуге №1 емхананың гинеколог дәрігері Пулатова Лаура Аманжоловна арнайы шақырылып, оқушыларға жасөспірімдік кезеңнің физиологиялық ерекшеліктері, ағзадағы өзгерістер, денсаулыққа ұзақ мерзімді әсер ететін қауіп факторлары, ерте жүктіліктің медициналық, психологиялық және әлеуметтік салдары туралы ғылыми негізделген әрі түсінікті ақпарат берді.
Маман өз сөзінде қыз балалардың жеке бас гигиенасын сақтау, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау, жеке шекараны қорғау, эмоционалдық тұрақтылықты қалыптастыру және өмірлік маңызды шешімдерді ойланып қабылдаудың маңыздылығына ерекше тоқталды. Сонымен қатар түрлі өмірлік жағдайларда дұрыс таңдау жасау дағдыларын дамытуға бағытталған практикалық кеңестер ұсынылды.
Іс-шараны ДТІЖО А.Т.Асилова ұйымдастырып, жасөспірімдердің ақпараттық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыру және алдын алу шараларын күшейту бағытында арнайы түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Кездесу барысында оқушылар өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ашық әрі сенімді диалог алаңы құрылды.
Аталған шара лицейдің тәрбие жұмысы жоспары аясында жүйелі түрде ұйымдастырылып келеді. Бұл – оқушылардың денсаулық мәдениетін көтеруге, салауатты өмір салтын ұстануға, болашаққа жауапкершілікпен қарауға бағытталған маңызды қадам.
Жас ұрпақтың денсаулығы – ел болашағының кепілі. Сондықтан мұндай тәрбиелік, ақпараттық кездесулер алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.






