ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН-АЛУ ТУРАЛЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН-АЛУ ТУРАЛЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ
12
желтоқсан
2025

ЕРТЕ ЖҮКТІЛІКТІҢ АЛДЫН-АЛУ ТУРАЛЫ ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ КЕЗДЕСУ

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде жасөспірім қыздар арасында ерте жүктіліктің алдын-алу және репродуктивті денсаулықты сақтау бағытында кең көлемді профилактикалық кездесу өткізілді.
Бұл маңызды шараға №1 емхананың гинеколог дәрігері Пулатова Лаура Аманжоловна арнайы шақырылып, оқушыларға жасөспірімдік кезеңнің физиологиялық ерекшеліктері, денсаулыққа ұзақ мерзімді әсер ететін қауіп факторлары, ерте жүктіліктің медициналық, психологиялық және әлеуметтік салдары туралы жан-жақты әрі ғылыми негізделген ақпарат берді.
Кездесу барысында маман қыз балаларға өз денсаулығын қорғау, жеке шекараны сақтау, эмоционалдық тұрақтылық, жауапкершілік мәдениеті және салауатты өмір салтының маңыздылығы жөнінде кеңес беріп, түрлі жағдайларда дұрыс шешім қабылдау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараны ДТІЖО А.Т.Асилова ұйымдастырып, жасөспірімдердің ақпараттық сауаттылығын арттыру, қауіпсіз мінез-құлық дағдыларын дамыту және алдын алу шараларын нығайту бойынша арнайы түсіндірме әңгіме өткізді.
Бұл кездесу лицейдің тәрбие жұмысы жоспары аясында жүзеге асырылып, оқушылардың денсаулық мәдениетін көтеруге, саналы өмір салтын ұстануға және болашаққа жауапкершілікпен қарауға бағытталған маңызды қадам болды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив