22
қаңтар
2026
ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ – ОРТАҚ МІНДЕТ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде 2026 жылғы 21 қаңтар күні жасөспірімдер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында рейдтік іс-шара өткізілді.
Рейд лицей жанындағы ойын-сауық орталықтары мен сауда дүкендерінде ұйымдастырылды. Іс-шараның негізгі мақсаты –
Аталған рейдке лицей инспекторы Ж.Қ.Шахалақ,
лицейдің тәрбие ісі жөніндегі директордың орынбасарлары Н.Р. Дусметова,А.Т. Асилова,
аға тәлімгер Э.Ж.Султанбаева, педагог-ұйымдастырушы М.Б.Үсен келісім бойынша қатысты.
Рейд барысында жасөспірімдермен, сауда нысандарының иелерімен және тұрғындармен түсіндіру-профилактикалық жұмыстар жүргізіліп, заң талаптары, балалардың қауіпсіздігі мен түнгі уақытта жүрудің салдары кеңінен түсіндірілді.

