ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ТҮНГІ РЕЙДТІК ІС-ШАРА » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ТҮНГІ РЕЙДТІК ІС-ШАРА
05
қаңтар
2026

ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚАУІПСІЗДІГІН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ МАҚСАТЫНДА ТҮНГІ РЕЙДТІК ІС-ШАРА

Шымкент  қаласы  білім  басқармасына  қарасты  Ө. Жолдасбеков  атындағы  №9 ІТ  лицейінде жасөспірімдер қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында түнгі мезгілде рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылды.
Аталған рейдтердің негізгі мақсаты – кәмелетке толмағандардың заңды өкілінсіз түнгі уақытта көшеде жүруін, ойын-сауық орындарында болуын болдырмау, сондай-ақ оларға спирттік ішімдіктер мен темекі өнімдерінің заңсыз сатылуын анықтау және алдын алу болды.
Іс-шара барысында қараусыз қалған, қауіпті нысандар мен ғимараттар анықталып, тиісті мекемелерге мәліметтер жолданды. Бұл жұмыстар жасөспірімдердің өмірі мен денсаулығын қорғауға, құқықбұзушылықтардың алдын алуға және қоғамдағы қауіпсіз орта қалыптастыруға бағытталды.
Рейдтік іс-шараларды ДТЖЖО Н.Р.Дусметова , А.Т.Асилова, А.К.Укибаев , Б.А.Жакыпов , М.С.Онгарбаев ,Б.Сәрсенбеков , Е.Ж.Маликов жүргізді.
Мұндай профилактикалық жұмыстар ата-аналармен, қоғаммен бірлесе отырып, балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, жауапкершілік мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық сауаттылықты арттыруға зор үлес қосты.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив