21
қазан
2024
РЕСПУБЛИКАДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚОЗҒАЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ"




РЕСПУБЛИКАДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚОЗҒАЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ"
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті 2024 жылғы 17-18 қазанда «Республикадағы балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту перспективалары мен стратегиялық бағыттары» республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті.
Республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы барысында Қазақстандағы балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту перспективаларын, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамытудың жаңа тәсілдерін, қазақстандық қоғамның құндылықтар жүйесіне сәйкес білім алушылардың жеке басын қалыптастыру үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды енгізу мәселелерін талқылау жоспарланды.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту, қорғаныс, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау, мәдениет және ақпарат, туризм және спорт, экология және табиғи ресурстар министрліктерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының үйлестірушілері және көшбасшылары қатысты.
Аталған іс - шараға Республикалық координациялық кеңесінің мүшесі, Ө.А.Жолдасбеков атындағы N9 IT лицейінің мектеп президенті Каирбек Дарига қатысты. Онлайн форматта лицейдің өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері қатысты.