"РЕСПУБЛИКАДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚОЗҒАЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ" » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "РЕСПУБЛИКАДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚОЗҒАЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ"
21
қазан
2024

"РЕСПУБЛИКАДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚОЗҒАЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ"

РЕСПУБЛИКАДАҒЫ БАЛАЛАР МЕН ЖАСӨСПІРІМДЕР ҚОЗҒАЛЫСЫН ДАМЫТУДЫҢ ПЕРСПЕКТИВАЛАРЫ МЕН СТРАТЕГИЯЛЫҚ БАҒЫТТАРЫ" 
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігінің Тәрбие жұмысы және қосымша білім беру департаменті 2024 жылғы 17-18 қазанда  «Республикадағы балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту перспективалары мен стратегиялық бағыттары» республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту жөніндегі республикалық үйлестіру кеңесінің  кеңейтілген отырысы өтті.
Республикалық үйлестіру кеңесінің отырысы барысында Қазақстандағы балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту перспективаларын, «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы шеңберінде балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамытудың жаңа тәсілдерін, қазақстандық қоғамның құндылықтар жүйесіне сәйкес білім алушылардың жеке басын қалыптастыру үшін әлеуметтік маңызы бар жобаларды енгізу мәселелерін талқылау жоспарланды.
Отырысқа Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту, қорғаныс, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау, мәдениет және ақпарат, туризм және спорт, экология және табиғи ресурстар министрліктерінің, Қазақстан халқы Ассамблеясының өкілдері, республикалық балалар-жасөспірімдер қозғалысын дамыту жөніндегі үйлестіру кеңесінің мүшелері, облыстардың, Астана, Алматы және Шымкент қалаларының білім басқармалары басшыларының орынбасарлары, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының үйлестірушілері және көшбасшылары қатысты.
 Аталған іс - шараға Республикалық координациялық кеңесінің мүшесі, Ө.А.Жолдасбеков атындағы N9 IT лицейінің мектеп президенті Каирбек Дарига қатысты. Онлайн форматта лицейдің өзін-өзі басқару ұйымының белсенділері қатысты. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив