21
қазан
2019
"Үздік ұстаз - 2019" республикалық байқауының жеңімпазы
"Үздік ұстаз - 2019" Республикалық байқауының іріктеу кезеңіне қатысуға еліміздің барлық аймақтарынан барлығы 5194 өтініш, бірінші бағыт бойынша 2115, екінші бағыт бойынша 3079 педагогтан өтініш келіп түскен. 203 педагогтің құжаттары дұрыс рәсімделмегендіктен және қабылдау уақытынан кешігуге байланысты өтініштері қарастырылмаған. Жалпы конкурстың іріктеу кезеңінде 4991 педагогтің өтініштері қаралған. Арнайы комиссия отырысының қорытындысы бойынша 4991 педагогтің арасынан бірінші бағыт бойынша 299, екінші бағыт бойынша 331 педагог іріктеу кезеңінен өтіп, жеңімпаз атанды. Соның ішінде Шымкент қаласы бойынша 3 педагог жеңімпаздың бірі Ө.А Жолдасбеков атындағы №9 лицейінің бетке тұтар мұғалімі Нуржигитова Гулраушан Садирқызы "Үздік ұстаз - 2019" Республикалық байқауының жеңімпазы атанды.

