04
қыркүйек
2019
Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы "СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ" бойынша пікір білдіру
Шымкент қаласы Ө.А.Жолдасбеков атындағы №9 лицейдің директоры А.С.Аманкулова 03.09.2019 жылы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауы "СЫНДАРЛЫ ҚОҒАМДЫҚ ДИАЛОГ – ҚАЗАҚСТАННЫҢ ТҰРАҚТЫЛЫҒЫ МЕН ӨРКЕНДЕУІНІҢ НЕГІЗІ" бойынша өз пікірін білдірді. Жаңа оқу жылымен астаса келген ҚР президенті Қ.Тоқаевтың Қазақстан халқына алғашқы Жолдауы- ел экономикасының дамуына үлкен серпіліс береді. Жолдау қоғамды толғандырған мәселелердің бәріне жауап бергендей болды.Президент мемлекетті нығайту, отандық бизнесті қолдау, халықты әлеуметтік қорғау және экономикңаны дамыту мәселелеріне тоқталды.Негізгі мәлімдеме болашақ азаматтық қоғам және азаматтардың өтініш-тілектерін жедел әрі тиімді қарастыратын «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру міндеті айтылды. Заман талабына сай тиімді мемлекет,азаматтардың құқықтары мен қауіпсіздігін қамтамасыз ету, қарқынды дамыған және инклюзивті экономика, әлеуметтік жаңғырудың жаңа кезеңі, қуатты өңірлер-қуатты ел сияқты ауқымды тақырыптарды дамытуға бағдарлаған бұл Жолдау халық қолдауына ие болады деп ойлаймын.
Білім саласында қызмет атқарып келе жатқан біздер үшін де қуантарлық жайлар көп.Атап айтсақ, ұстаз мәртебесіне көңіл аударған Президент Қ.Тоқаев Тамыз конференциясында алдағы төрт жыл ішінде мұғалімдердің еңбек ақысын екі есе арттыруды тапсырды. Бұл-озық елдер қатарына енуді мақсат тұтқан еліміздің келешегіне деген нық қадам. Еңбек нарығындағы мамандарға сұраныс пен жоғарғы оқу орындарының мамандық дайындаудағы тепе-теңдіктің сақталмауы жұмыссыздыққа, жастарымызды қылмысқа бір қадам жақындататынын көрегендікпен айтты.Осыдан туындайтын мәселе-оқушылардың қабілетін айқындап, кәсіби бағыт-бағдар беру саясатына көшу. Қарқынды дамып келе жатқан жаһандану заманында кәсіби маманның орны ерекше. Сондықтан да мектеп қабырғасынан- ақ ертеңгі күнін бағдарлай алатын, еңбек нарығындағы сұранысқа жауап бере алатын шәкірт дайындау міндеті туындап тұр. Бұл дегеніміз орта білім берудің ұлттық стандартына үлкен өзгеріс әкелуді талап етеді. Техниканың дамыған заманында қомақты қаржыға шет елден маман әкелгенше, дарынды жастарды мамандықты дұрыс таңдауға бағдарлау – Мәңгілік ел негізі. Жастарын ойлаған елдің келешегі кемел болатыны айқын.
«Дипломмен ауылға» бағдарламасының аясын кеңейтіп, оны қаржыландыруға 20 миллиард бөлуі қала мен ауыл арасындағы орта білімнің сапасын теңестіруді талап етіп отыр. Дарынды баланы қолдау, шетелдің жоғары оқу орнына дайындауға жағдай жасау аз қамтылған, көп балалы отбасыларға үлкен көмек болары сөзсіз.
Халқымыздың ахуалын жақсартуға әзірленіп жатқан іс-қимыл жоспарларына ел тағдырына жаны ашитын әрбір азамат үлкен жауапкершілікпен өз үлесін қосады деп ойлаймын.