Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А. Жолдасбеков атындағы № 9 ІТ лицейінде 29.10.2021 жылы "Бала құқығы- адам құқығы" республикалық айлығы аясында Қазақстан Республикасы Ішкі Істер министрінің орынбасары С.С.Сарсенов және Шымкент қаласы полиция басқармасының басшысы Е.М.Жұмаханбетов оқушылардың қауіпсіздігін қорғау және білім беру мекемесін инженерлік- техникалық нығайту және техникалық құралдармен жарақтандыру, сондай-ақ мүдделі мемлекеттік органдардың, күзет ұйымдары мен нысан қызметкерлерінің лаңкестік қауіп кезіндегі тәртібіне шолу жасады. Лицей директоры А.С.Аманкулова оқушылардың қауіпсіздігін сақтауын және техникалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету жабдықтаулармен таныстырды.