03
наурыз
2026
Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВКЕ 95 ЖЫЛ: ҒЫЛЫМИ МҰРА- ҰРПАҚҚА АМАНАТ!
Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде қазақ ғылымының көрнекті өкілі, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің 95 жылдық мерейтойына арналған «Ғылыми мұра – ұрпаққа аманат!» атты салтанатты іс-шараның жалғасы лицейдің акт залында жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шараның ашылуында лицей директоры Г.С. Абилдаева құттықтау сөз сөйлеп, академиктің ғылым мен білім саласына қосқан зор үлесін атап өтті. Ол өз сөзінде Өмірбек Арысланұлының өмір жолы – жас ұрпақ үшін табандылықтың, адал еңбектің және отансүйгіштіктің жарқын үлгісі екенін жеткізді.
Мерейтойлық шараға арнайы шақырылған құрметті қонақтар:
Қонақтар өз сөздерінде академиктің ғылыми және ұйымдастырушылық еңбегін, жас ғалымдарды тәрбиелеудегі рөлін, ел тарихындағы маңызды орнын атап өтті.
Акт залында Ө. Жолдасбековке арналған көрме ұйымдастырылып, оқушылар мен қонақтар академиктің өмірі, ғылыми еңбектері мен жеке архив материалдарымен танысты.
Шараны байыту үшін мәдени бағдарламалар өткізілді:
Бұл акт залдағы жалғасы болған мерейтойлық іс-шара жас ұрпаққа рух беріп, білімге деген құрметті арттыруға, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған, әрі «Біртұтас тәрбие» бағдарламасының негізгі мақсаттарын жүзеге асыруға үлес қосқан тағылымды кездесу болды.









