Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВТІҢ 95 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВТІҢ 95 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА
02
наурыз
2026

Ө.А.ЖОЛДАСБЕКОВТІҢ 95 ЖЫЛДЫҚ МЕРЕЙТОЙЫНА АРНАЛҒАН ІС-ШАРА

Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінде қазақ ғылымының көрнекті өкілі, техника ғылымдарының докторы, профессор, академик Өмірбек Арысланұлы Жолдасбековтің 95 жылдық мерейтойына арналған тағылымды іс-шара жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Іс-шараның ашылуында лицей директоры Г.С. Абилдаева құттықтау сөз сөйлеп, академиктің ел ғылымы мен білім беру жүйесін дамытудағы өлшеусіз еңбегін атап өтті. Ол өз сөзінде Өмірбек Арысланұлының өмір жолы – жас ұрпақ үшін табандылықтың, еңбекқорлықтың және отансүйгіштіктің жарқын үлгісі екенін ерекше айтты.
Мерейтойлық кешке арнайы шақырылған құрметті қонақтар:
🔹 Орынбаев Мұса Жолдасбекович – білім саласының ардагері
🔹 Әбілұлы Нышанбай – білім саласының ардагері
🔹 Абдрашев Саттар Жусипович – М.Әуезов атындағы ОҚУ-нің профессоры
🔹 Жандосова Баян Айтбековна – білім саласының ардагері, ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссиясының мүшесі, Шымкент қаласы әкімінің кеңесшісі
Қонақтар академиктің ғылымдағы орны, ұйымдастырушылық қабілеті және жас ғалымдарды тәрбиелеудегі рөлі туралы мазмұнды ойларымен бөлісті.
Қонақтар сөйлеп болған соң лицейдің Алтын белгіге үміткер оқушылары сөз алып, ұлы тұлғаның сара жолын жалғастыру – бүгінгі буынның қасиетті парызы екенін атап өтті. Олар білімге адалдық танытып, ел дамуына үлес қосуға дайын екендіктерін білдірді.
Іс-шара соңында лицей алдындағы ескерткішке гүл шоқтары қойылып, жиналған қауым академик рухына тағзым жасап, 1 минут үнсіздікпен еске алды.
Мерейтойлық шара жас ұрпақтың бойында ғылымға деген құрметті арттырып, ұлттық құндылықтарды дәріптеуге бағытталған тағылымды кездесу болды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив