ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ САНАЛЫ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ
30 қаңтар 2026 жылы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің ұл балалармен маңызды тәрбиелік-танымдық кездесу өтті. Іс-шараға лицей әкімшілігі – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н.Р. Дусметова, А.Т. Асилова, сондай-ақ Әл-Фараби АПБ Криминалды полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Оңғар Б. қатысты. Кездесу барысында: – жасөспірімдердің құқықтық жауапкершілігі, – құқық бұзушылықтың салдары, – түнгі уақытта заңды