31
қаңтар
2026
ҚҰҚЫҚТЫҚ САУАТТЫЛЫҚ – ЖАС ҰРПАҚТЫҢ САНАЛЫ БОЛАШАҒЫНЫҢ КЕПІЛІ

30 қаңтар 2026 жылы Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінің ұл балалармен маңызды тәрбиелік-танымдық кездесу өтті.
Іс-шараға лицей әкімшілігі – директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Н.Р. Дусметова, А.Т. Асилова, сондай-ақ Әл-Фараби АПБ Криминалды полиция басқармасының жедел уәкілі, полиция аға лейтенанты Оңғар Б. қатысты.
– құқық бұзушылықтың салдары,
– түнгі уақытта заңды өкілсіз жүру қаупі,
– ойын-сауық орындарына баруға қойылатын шектеулер,
– есірткі заттарының алдын алу мәселелері кеңінен түсіндірілді.
Лицей басшылығы оқушыларға ішкі тәртіп ережелері мен мектеп формасын сақтау, қоғамдық ортада мәдениетті болу, ұжымдық жауапкершілік пен бірліктің маңызы туралы ой қозғады.

