ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын- алу, тәртіпті нығайту және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында профилактикалық-түсіндірме бағытындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Аталған іс-шараға: лицей инспекторы Ж.Қ.Шахалақ, лицей директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Н.Р. Дусметова, А.Т. Асилова қатысып, оқушылармен ашық диалог және пікір алмасу форматында мазмұнды әңгіме жүргізді.