ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Шымкент қаласы білім басқармасының
«Ө.Жолдасбеков атындағы №9 мектеп-лицейі»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7252) 53-92-76
Есепші бөлімі:
+7(7252) 53-58-00
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ
14
қаңтар
2026

ПРОФИЛАКТИКАЛЫҚ-ТҮСІНДІРМЕ ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ

    
Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө. Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейінде оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын- алу, тәртіпті нығайту және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мақсатында профилактикалық-түсіндірме бағытындағы дөңгелек үстел ұйымдастырылды.
Аталған іс-шараға: лицей инспекторы Ж.Қ.Шахалақ, лицей директорының тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарлары Н.Р. Дусметова, А.Т. Асилова қатысып, оқушылармен ашық диалог және пікір алмасу форматында мазмұнды әңгіме жүргізді.
Кездесу барысында оқушыларға Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамалары, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу, мектептің ішкі тәртіп ережелері, мектеп формасын сақтау талаптары, сондай-ақ оқушының мінез-құлқы мен жеке жауапкершілігі туралы жан-жақты түсіндірме берілді.
   Сонымен қатар, әрбір оқушының: 
✔ өз әрекетінің салдарына жауапты екендігі;
✔ құқық пен міндеттің өзара тығыз байланысы;
✔ тәртіп сақтаудың білім алу үдерісіндегі және тұлғалық дамуындағы маңызы
ерекше атап өтілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты — оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру, тәртіп бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ қоғамда және білім беру ұйымында өзін-өзі дұрыс ұстау мәдениетін қалыптастыру.
Аталған бағыттағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табады.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив