18
қыркүйек
2025
ЫСТЫҚ ТАМАҚТАНДЫРУ




Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.А.Жолдасбеков атындағы N9 IT лицейінің асханасында оқушыларға берілетін тағам сапасын бақылау мақсатында брокераждық комиссия жоспарлы түрде тексеріс жүргізді.
Комиссия құрамында мектеп әкімшілігі, медициналық қызметкер, мұғалімдер және ата-аналар комитетінің өкілдері болды.
Тексеру барысында тағамдардың дәмі, сапасы, сыртқы көрінісі мен температурасы санитарлық талаптарға сай екені анықталды.
Асхана жұмысы қатаң бақылауда, оқушылардың қауіпсіз әрі дұрыс тамақтануы — басты назарда.Мектептегі ыстық тамақ — оқушылардың денсаулығы мен оқу қабілетін арттыру үшін өте маңызды. Ыстық тамақ баланың күні бойы күш-қуат алып, миының жақсы жұмыс істеуіне көмектеседі. Мектеп асханасы оқушыларды бір мезгіл тегін ыстық тамақпен қамтамасыз етеді.
Тамақтану 4 апталық айналым мәзірі бойынша ұйымдастырылады. Мәзірге сәйкес, әр аптада түрлі тағамдар беріледі.
Ас мәзірі санитарлық талаптарға сай жасалған. Егер бір күнде 30%-дан астам оқушы тағамды тұтынбаса, мәзірді өзгерту қарастырылады.
Асхананың жұмысы үнемі бақылауда, тағам сапасы мен қауіпсіздігі тексеріліп отырады.


