29
ақпан
2024
ЗОРЛЫҚ - ЗОМБЫЛЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ЖАДЫНАМА
БАЛАҒА АРНАЛҒАН ЖАДЫНАМА
«Зорлық зомбылықтың құрбаны болмауы үшін не істеу керек»
Ол үшін «БОЛМАЙДЫ» деген бес қағиданы үнемі біліу қажет:
• Бейтаныс адамдармен сөйлеспе және оларды үйге кіргізбе.
• Олармен бірге лифтіге және кіреберіске кірме
• Бейтаныс адамның көлігіне отырма
• Мектептен кейін көшеде кідіріп қалма. Әрқашан қайда, кіммен және қай бағытпен үйге қайтаныныңды ата-анаңа ескерт.
• Интернет желісінде бейтаныс адамдармен хабарламаларына жауап берме және хабарлама жіберме. Егер бейтаныс адам тіл тигізетін хабарлама жазса дереу ата-анаңа айт.
ӘР ҚАШАН «ЖОҚ» деп жауап бер:
• Егер сені тіпті көршілер болса да қонаққа шақырса кіруге немесе үйге жеткізіп салуды ұсынса;
• Егер бейтаныс адам қатты қызығатындай бір нәрсе ұсынса немесе бір жаққа шақырса; үйге келгенде міндетті түрде ол адам туралы үлкендерге айту керек.
• Егер сенен көшені қалай табуға болатындығын сұраса, қалай баруға болатындығын түсіндір, бірақ ешқашанда шығарып салма. Саған үйге бару керектігін түсіндір.
• Егер бейтаныс адам сені аңдып жүрсе, сен үйіңе келгендей, туысыңды терезеден көріп тұрғандай қолыңды бұлғап шақырған кейіп таныт.
• Егер қолыңнан келсе тиіскен адамды біраз уақытқа шатастырып, көңілін аударту үшін бетіне бір нәрсе лақтыр( мыналы портфель, аяқ киімсалынған сөмке немесе жай ғана бір уыс ұсақ-түйек) Адамдар көп жерге қарай қаш.
• Егер көлікке зорлықпен отырғызып жатса, өтіп бара жатқан адамдардың көңілін өзіңе аударту үшін «Бұл менің әкем(анам) емес. «Мені шақырып жатыр!» деп қатты дауыстап айқала.
• Қауіпсіз жерде болғанда дереу полицияға хабарласып, не болғанын айт, нақты мекенжайды, сондай-ақ тиіскен адамның белгілерін және кеткен бағытын айт.
ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНЫҢ ПОЛИЦИЯ ДЕПАРТАМЕНТІ