Шымкент қаласы білім басқармасына қарасты Ө.Жолдасбеков атындағы №9 ІТ лицейде ҚР ІІМ Ш. Қабылбаев атындағы Қостанай академиясының дене шынықтыру даярлығы кафедрасының доценті, полиция подполковнигі Кабидуллинов Ержан Айтбайұлы лицейіміздің 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар кездесуін өткізді.
Кездесу барысында болашақ мамандық таңдаудың маңызы, құқық қорғау саласының ерекшеліктері жайлы кеңінен сөз қозғалды.
Академия курсанттары – Дебей Айгерім Сапарбекқызы, Серікбай Нұркелді Жасұланұлы, Абдулла Асқар Жубандықұлы – өз тәжірибелерімен бөлісіп, оқушыларға пайдалы ақпараттар берді.
Жиын сұрақ-жауаппен жалғасып, жас түлектерге үлкен серпін мен мотивация сыйлады.
Бұл кездесу – оқушыларымызға өз болашағына сенімді қадам жасауға, өмірлік жолын дұрыс таңдауға бағыт-бағдар берген тағылымды шара болды.