20
қыркүйек
2025
"BILIMAPP"
2025–2026 оқу жылының басында 4-сынып оқушылары "BilimApp" платформасы арқылы нөлдік (0-дік) бақылау жұмысын тапсырды.
Бақылау жұмысының мақсаты – оқушылардың өткен оқу жылындағы білім деңгейін анықтау және жеке оқу траекториясын жоспарлау.
Бақылау тапсырмалары оқу пәндері бойынша құрастырылып, әр оқушы жеке логин/пароль арқылы жүйеге кіріп, онлайн түрде орындады.
Нәтижелер жүйеде автоматты түрде тіркеліп, талдау үшін мұғалімдерге қолжетімді болды.
Қорытынды:
Оқушылардың "BilimApp" платформасымен жұмыс істеу дағдылары қалыптасқан. Барлық 4-сынып оқушылары бақылауға толық қатысты. Жұмыс уақтылы және талапқа сай орындалды.



