"Математикалық Регата" республикалық олимпиада » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » » "Математикалық Регата" республикалық олимпиада
05
сәуір
2022

"Математикалық Регата" республикалық олимпиада

28-30 наурыз күндері Білім және ғылым министрлігі «Дарын» Республикалық ғылыми практикалық орталығының ұйымдастыруымен  Атырау қаласында математика пәні мұғалімдеріне арналған дәстүрлі «Математикалық регата» республикалық олимпиадасы болып  өтті. Олимпиадаға  еліміздің барлық өңірлері мен республикалық білім беру ұйымдарынан құрамы 4 адамнан тұратын 20 команда қатысты. Олимпиадада Шымкент қаласының намысын олимпиаданың  қалалық кезеңінің жеңімпаздары О.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейінің мұғалімі Ен Раиса Николаевна , №1 дарынды балаларға арналған IT лицей – интернатының мұғалімі Мирзахмедов Нурбол, №90 ДАБММГ мұғалімі Айдарбеков Елдос және Ы. Алтынсарин атындағы №65 м/г мұғалімі Садиров Жақсылық қорғады.
   Олимпиада төрт кезеңді қамтыды. Қатысушыларға әр кезең бойынша ұжымдық жазбаша шешуді қажет ететін үш тапсырма ұсынылды. Байқаудың барлық кезеңінде білімі мен тәжрибесін дәлелдеген Шымкент қаласының ұстаздары  республикалық олимпиадада III орынды иеленді.
  
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив