ЧЕРЛИДЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ ФИНАЛЫ » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » » ЧЕРЛИДЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ ФИНАЛЫ
06
желтоқсан
2025

ЧЕРЛИДЕРЛЕР АРАСЫНДАҒЫ ЖАСТАР ЛИГАСЫНЫҢ ФИНАЛЫ

Шымкент қаласы жастар саясаты басқармасы 
«Жастар ресурстық орталығы» КММ ұйымдастыруымен өткен Шымкент Жастар Лигасы жанынан құралған “ Фан-Клуб” спорттық би сайысында лицейіміздің оқушыларында дебют болды.
Лицей фан-клубының шығармашылық тобы өздерінің энергиясымен, ұйымшылдығымен және сахна мәдениетімен көзге түсіп, лицей намысын абыроймен қорғады. Команданың әр мүшесі жарысқа тыңғылықты дайындалып, бір-бірін қолдап, жоғары деңгейде үйлесімді жұмыс атқарды. Бұл өз кезегінде оқушылардың жауапкершілігін, тәртіптілігін және ортақ мақсатқа жұмылу қабілетін бекіте түсті.
Қалалық «Фан-клубтар» қозғалысы аясындағы лицей оқушыларының өнер көрсетуі — оқушылардың таланты мен жігерінің, тәрбие мен білімнің, ынтымақ пен еңбектің ортақ жемісі. Бұл бастама жас буынның азаматтық белсенділігін арттырып, отансүйгіштік сезімін күшейтіп, мектеп қауымдастығының мәдени өмірін жандандырды.
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив