МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫ 2020-2021 оқу жылына!!! » «Ө.Жолдасбеков атындағы №9 IT лицейі»
Коммунальное государственное учреждение
«Школа-лицей №9 имеи О.Жолдасбекова»
управления образования города Шымкент
Приемная
+7(7252) 53-92-76
Бухгалтерия
+7(7252) 53-58-00
Версия для
слабовидящих
» » » МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫ 2020-2021 оқу жылына!!!
25
мамыр
2020

МІНДЕТТІ МЕКТЕП ФОРМАСЫ 2020-2021 оқу жылына!!!

Ата -аналар назарына!!!
Ө.А.Жолдасбеков атындағы № 9 лицейдің ішкі тәртіп ережесіндегі
оқушылардың сыртқы келбетіне қойылатын талаптар.
1. «Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 5-бабының 14-1) тармақшасына сәйкес Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы «Орта білім беру ұйымдары үшін міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарды бекіту туралы бұйрығы негізінде барлық мектептерде бірыңғай мектеп формасы енгізіледі.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта білім беру ұйымдарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптарына» негізделген:
- Ер балаларға мектеп формасы:қара немесе қара көк түсті пиджак, жилет, шалбар, классикалық жейде, мерекелік ақ түсті көйлек, күнделікті киетін ақ түсті көйлек (қысқы кезеңде: трикотаж жилет, ақ түсті водолазка бас киімсіз) Ер балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауып кең пішіледі. Ұл балдардың шаштары қысқа үлгіде қысқартылған.
- Қыз балаларға мектеп формасы: ақ түсті блузка,қара немесе қара көк түсті пиджак, жилет, классикалық белдемше, классикалық үлгідегі жейде ( қысқы кезеңде: трикотаж жилет, сарафан, водолазка) қыздарға арналған белдемше офистік стильде, тізеден келетін, 60 см) бас киімсіз. Қыз балаларға арналған шалбардың ұзындығы тобықты жауап кең пішіледі.Қыздардың шаштары қыстырғышпен жиналған.
- Мектеп формасына түрлі діни конфессияларға қатысты киім элементтерін қосуға болмайды, соның ішінде бас киімге қатысты діни атрибуттарды (крест, хиджаб, никаб, паранжа, чадра, ермолка, орамал, тюрбан, иудей-кипа бас киімдері, бурка және т.б.) киюге болмайды.
- Мектеп формасына қойылатын талаптар бойынша жарақаттайтын фурнитурасы бар киім мен аксессуарлар киюге қатаң тыйым салынады. 
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив